Алматыда «Бастау» студенттік кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Бас жүлдені ресейлік Олжас Ермекбаевтың «Концерт» кинолентасы мен қырғызстандық режиссер Р.Акунның «Перелом» киносы иеленді.
Үздік әйел рөлін сомдағаны үшін ресейлік «Арал-тур International» киносында ойнаған Венера Каиржанова, үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін молдовалық «Housekeeper» туындысында ойнаған Серджи Сили жүлде алды.
Ең үздік операторлық жұмыс ретінде ресейлік Михаил Квирикадзенің «35/13» фильміндегі жұмысы, үздік деректі фильм ретінде Босния и Герцеговина жайлы «Мәңгілік алау» фильмі танылды.
Ең үздік анимациялық фильм жүлдесін чех режиссерінің «Punch a Jedd» иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» кинофестивалі 22-26 қыркүйекте Алматыда өтті. Мәдени шара барысында 25 елдің студенттері мен жас кинематографистері 200-ге жуық қысқа метражды туындылары сарапқа түсті.