Алматыда белгілі суретші Нұрлан Әбішевтың жеке көрмесі ашылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда наурыздың 18-і күні ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Алматы – бұл мен...» атты сурет көрмесі ашылады.
None
None
Авторы ? белгілі қазақстандық суретші, «Шабыт» фестивалінің, «Шәкен жұлдыздары», «Киношок», «Алтын батыр» кинофестивальдарының лауреаты Нұрлан Әбішев. Н. Әбішев ? О. Таңсықбаев атындағы Алматы сурет училищесінің және Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Ол көптеген республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан, түрлі жанрларда қарымдылығын танытып жүрген шебер. Кескіндеме, графикадан басқа ол көркем фильмдердің де, атап айтқанда «Кек», «Көшпенділер», «Жаңғыру аралы» киноларының декорацияларын жасады. Сондай-ақ суретші К. Байпақовтың «Қазақстанның көне қалалары» кітабын, Н. Санжардың «Ақ ит - Қара», «Арпалыс», «Абрек», «Кішкентай періште» повестерін, Б. Шекеровтың «Ешқайдан келмеген мысық», «Мастық» әңгімелерін безендірді. Наурыздың 31-іне дейін жалғасатын көрмеге Алматы көріністерін бейнелеген 80 шақты кескіндемелік және графикалық жұмыс қойылады.
Соңғы жаңалықтар