22:38, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматыда белгілі журналист көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 54 жасқа қараған шағында журналист Александр Грибанов қайтыс болды. Қайғылы хабарды əлеуметтік желіде марқұмның əріптесі Вадим Борейко хабарлады.

«Қайырымды, жаны ізгі адам еді. Журналистік шеберлігі бір басқа»,-деді парақшасында В.Борейко.
А.Грибанов Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тəмамдаған. Əр жылдары «Экспресс К», «Огни Алатау», «Караван» басылымдарында журналистік қызмет атқарған. Жалпы, Александр Грибанов журналистика саласында 30 жыл тер төккен.
Соңғы жылдары «Вечерний Алматы» газетінің саясат бөлімін басқарып келген.
Оны ақтық сапарға шығарып салу жұма күні Президент ісін басқару орталық клиникалық ауруханасында өтеді.