Алматыда белгілі журналист және баспагер Н. Оразбеков қайтыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұзақ сырқаттан кейін белгілі қазақстандық журналист және баспагер Нұрмахан Оразбеков қайтыс болды. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» агенттігіне марқұмның туыстары хабарлады.
None
None

Нұрмахан Оразбеков 1938 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кеңес заманында Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Бұл мекеме қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі болып аталады. Одан кейінгі жылдары Нұрмахан Оразбеков «Қазақстан» баспасының директоры қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар