Алматыда биатлоннан Азия чемпионаты өтеді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 26-31 қаңтар аралығында Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан Азия чемпионаты өтеді.
None
None

Бұл туралы спортс.кз сайтынан хабарлады.
Алматыда желтоқсан айында IBU аймақтық кубогы өткен болатын. Ал қаңтардың аяғында осында Сары құрлықтың мықтылары жиналады.

Биатлон федерациясының хабарлауынша, бұл дүбірлі жарысты KAZSPORT телеарнасы онлайн-көрсетілімін жүргізеді.

Биатлоннан Азия чемпионатының кестесі:

26 қаңтар 2014 ж.
19:00 - ресми кездесу

27 қаңтар 2014 ж.
10:00 - ресми жаттығу, ерлер
12:00 - ресми жаттығу, әйелдер


28 қаңтар 2014 ж.
11:00 - спринт, ерлер
13:00 - спринт, әйелдер

29 қаңтар 2014 ж.

11:40 - із кесу жарысы, ерлер
12:50 - із кесу жарысы, әйелдер

30 қаңтар 2014 ж. - демалыс күні

31 қаңтар 2014 ж.
10:40 - масс-старт, әйелдер
13:40 - масс-старт, ерлер.

Соңғы жаңалықтар