17:41, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда «Биоалуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университет пен биология факультетінің 75 жылдығына арналған «Биоалуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәслихатқа АҚШ, Франция, Үндістан, Мысыр, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Дағыстан, Литва, Башқұрстан сынды елдерден келген 250-ден астам ғалым қатысуда. Ертеңге дейін жалғасатын конференция аясында «Қазақстанның биологиялық әртүрлілігі» атты фотокөрме, университет ғалымдарының ғылыми жұмыстарының көрмесі, сонымен қатар тұрақты даму, биоәртүрлілік, су ресурстары, адам дамуы т.б. бойынша Қазақстандағы БҰҰ ДБ есептерінің таныстырылымы өткізілмек.Конференцияда биология, химия, математика, география, экономика, әлеуметтану сияқты әртүрлі саладағы ғалымдарының табиғат пен қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлестерін біріктіру мәселесі де қозғалды.