07:53, 25 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматыда бір адам абайсызда поездың астына түсіп, мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Алматы-1 станциясының паркінде төтенше оқиға орын алды.
1962 жылғы парк кезекшісі абайсызда №377 «Алматы-Маңғышлақ» поезының астына түсіп, алған жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.