Алматыда бір апта ішінде қоғамдық көліктің төрт жүргізушісі жұмыстан шығарылды

АСТАНА. 18 ақпана. ҚазАқпарат - Алматыда өткен апта ішінде қоғамдық көлікті қадағалау қызметі тасымалдау ережелерін бұзудың 82 фактісін анықтады.
None
None

Олардың арасында билеттердің, сондай-ақ қоғамдық көліктің салонында ақпараттық парақшалардың және жүргізушілердің арнайы киімдерінің болмауы, белгіленбеген жерге тоқтау және жолаушыларды түсіру, жолаушылар үшін қарастырылмаған қосымша орындардың құрылуы және т.б. бар.

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткізілген тексерулерден кейін қоғамдық көліктердің төрт жүргізушісі жұмыстарынан босатылды.

Еске салайық, 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Алматыда қоғамдық көліктерді тексеретін мобильді топтар жұмыс істеуде. Олардың құрамында қалалық басқарма мен тасымалдаушы компаниялардың өкілдері бар. Олар қоғамдық көліктің жұмысын қадағалап, бұзушылықтардың фото және бейне түсірілімін жасайды. Онымен қоса, мобильді топтың міндетіне бағыттардағы түрлі оқиғаларға әрекет ету де кіреді. Қазіргі уақытта қадағалау қызметі жолдарда жұмысты жалғастыруда және бұзушылықтарды жою бойынша шешімдердің орындалу сапасын тексеруде.

Соңғы жаңалықтар