Алматыда бір тәулікте 15 мыңнан астам адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 15 292 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2 шілде 15 292 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 2 шілдесі аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 313 491 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 81 202 «,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар