Алматыда бір тәулікте 7 мыңнан астам адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7 638 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 7 мыңнан астам адам вакцина салдырды

«10 тамыз күні 7 638 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 10 тамыз аралығында қалада барлығы 787 494 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі - 105 767 « деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді.