15:11, 13 Тамыз 2021 | GMT +5
Алматыда бір тәулікте алты мыңнан астам адам вакцина салдырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6 261 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 тамыз күні 6 261 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 тамызы аралығында қалада барлығы 800 546 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың ішінде 106 826 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауды ойын-сауық орталықтарындаа вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.