Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестірілуде. Сәбидің анасы оны күтушіге тастап, кейін алып кетуге уәде еткен. Бірақ сол күйі оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат patrul.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 2017 жылы туған қыз бала жеткізілді.

Тәртіп сақшылары мәлім еткендей, полицияға баланың күтушісі арызданған. Әйелдің сөзінше, 2017 жылдың қазан айында қыздың анасы аздаған уақытқа жол жүруі тиістігін айтқан. Күтушіге өзі келгенше еңбекақысын төлеп беруге уәде еткен. Алайда, баланың анасы сол күйі қайтып келмеген.

Күтушінің қолында баланың туу туралы куәлігі бар. Сәби Тараз қаласында туған. Сондай-ақ онда ата-анасы туралы мәліметтер көрсетілген. Анасы - Өзбекстан тумасы.



Балалар ауруханасының дәрігерлері қажетті барлық тексерулерді өткізді. Қыздың денсаулығынан еш кінәрат табылмады.

Полиция қызметкерлері баланы таныған немесе оның ата-анасы туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан 2 76 58 00 немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар