Алматыда бір жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Қалқаман шағынауданында кеше оқыс оқиға орын алды.
None
None

Атап айтқанда, сағат 16.11-де жолға асфальт төсеу жұмыстары кезінде «Жол» ЖШС жұмысшысын жол төсейтін техника қағып кеткен. Салдарынан түрлі жарақат алған 1995 жылы туған азамат Е.Сейілбек ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ кешкі уақытта Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағынауданында бетонды лотоктарды түсіру кезінде «Анфилада С» ЖШС жұмысшысы 1990 жылы туған Е.Ұйпалақов түрлі жарақаттар алған. Ол оқиға орнында бірден көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар