Алматыда «Біріккен коммуникация және байланыс форумы» ұйымдастырылады

   АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шілденің 13-і күні «Біріккен коммуникация және байланыс форумы» өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, осы елдің Халықаралық ынтымақтастық ақпараттық технологиялар агенттігі және  Қазақстанның ақпараттық технологиялар компаниялары қауымдастығы бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - корей мамандарының телерадио коммуникациялары мен байланысты дамыту саласындағы тәжірибелерін қазақстандық әріптестерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау. Оған қатысатын Кореяның  40 адамдық ресми делегациясы Қазақстанға шілденің 12-сінде келеді деп жоспарланып отыр. Олар форум кезінде қазақстандық әріптестерімен екіжақты кездесулер мен дөңгелек үстел мәжілістерін өткізбек. Мұндай алқалы басқосулар форум біткеннен кейін,  шілденің 14-і күні Астанада    жалғасады.

Соңғы жаңалықтар