Алматыда бірқатар көшелерде жол қозғалысына өзгеріс енгізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бірқатар көшелерде жол қозғалысына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда тіркелген автокөліктер саны мен басқа қалалардан келетін көлік легінің артуы, сондай-ақ, жолдардың автокөліктерді өткізу мүмкіндігін жақсарту мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр.

«Осыған байланысты, Сайын көшесі бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізілді. Дәлірек, енді Жандосов, Шаляпин көшелері және Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, солға - Сайын көшесіне қарай бұрылауға болмайды. Сондықтан, жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін сақтауды және осы учаскелерде өз бағыттарын алдын-ала белгілеп алуларын сұраймыз», - деді Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.

Соңғы жаңалықтар
telegram