Алматыда биыл 1 миллион 300 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді - А. Есімов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 1 миллион 300 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
None
None

«Бұл өткен 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға артық. Ал Кеңес заманындағы ең жоғары көрсеткіштерден екі есеге жоғары. Мұндай жетістік қалада бұрын-соңды болып көрген емес. Енді, құрылыс жұмыстары бұдан кейін де сол қарқынмен жалғасатын болады. Сондай-ақ, Алматыда экономиканың барлық салалары дамып келеді. Осындай жетістіктердің арқасында Алматы халықаралық деңгейдегі шараларды өткізетін орынға айналды. Қалада саяси, экономикалық форумдар, халықаралық көрмелер және ірі спорттық шаралар өтіп жатыр», - деді А. Есімов.

Сонымен қатар, қала басшысы Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер екендігін айта келіп, бұл мүмкіндікті қолдан бермеуге күш салынатындығын жеткізді.

«Бұл қысқы Олимпиаданы өткізуге ұлы держава Қытай елі де үміткер болып отыр. Бірақ біз де намысты қолдан бермеуге күш саламыз. Оның үстіне кезінде Азия ойындарын өткізуге бірқатар спорттық нысандар салынды. Қазір де салынып жатыр. Бұл бізге алдағы 2017 жылғы Қысқы Универсиада ойындарын өткізуге мүмкіндік береді», - деді А. Есімов.

Бүгінгі жиынға қаланың құрметті аазматтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, білім, ғылым, денсаулық сақтау және басқа салалардың қызметкерлері, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қала әкімінің бяндамасынан кейін салтанатты концерт басталды.

Соңғы жаңалықтар