Алматыда биыл 2 мектеп, 13 балабақша салынады

Әкімнің айтуынша, бекітілген бюджетке өзгеріс енгізудегі басты мақсат - әлеуметтік көрсеткіштерді төмендетпей, экономиканың өсуіне ықпал ету.
«Биыл 1700 орындық 2 мектеп, 2000 орындық 13 балабақша салынады. Құрылыс жұмыстарына 10 млрд теңге жұмсалады. Бұл жобалардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аясында жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен тек инженерлік желілерді жүргізуге 700 млн теңге жұмсалады. Алматы кәсіпкерлері үлкен әлеуметтік жобаларға ат салысып жатыр. Осыған дейін құны 32 млрд теңге болатын 28 балабақша, 4 мектеп, 1 емхана, спорт кешені және балаларға арналған алаңдар халық игілігіне берілді. Мұның бәрі мемлекет пен бизнестің әріптестігінің арқасында», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, соның өзінде қала мектептерінде 36 мың оқушыға орын тапшы. Биыл 8 білім беру нысаны сейсмологиялық тұрғыдан күшейтіледі. Жаңа бектіліген бюджеттен бұл жұмысқа 4,1 млрд теңге қарастырылған.
«Өжет шағын ауданындағы 1000 орындық мектепте 3000 оқушы білім алып жатыр. Қандай сапалы білім туралы айтуға болады? Бұл мектепті кеңейту керек», - деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүгін Алматыда мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен жиында 2016 жылға қала бюджеті 80 млрд теңгеге өскені белгілі болды.
Мемлекет басшысының Алматыға сапарынан соң қаланың дамуына республикалық бюджеттен 58,3 млрд теңге және жергілікті бюджеттен былтырғыдан үнемделген 21 млрд теңге қосылды.