Алматыда биыл 2015 жылға қарағанда 10 есе артық ақшалай қаражат заңдастырылды - М. Сұлтанғазиев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша биылғы жылдың өзінде 2015 жылға қарағанда 10 есе артық ақшалай қаражат заңдастырылды. Бұл туралы бүгін Алматыда Салық кодексіне енгізілген түзетулерді түсіндіру бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.
None
None

«2016 жылы Алматыда Қазақстан аумағындағы мүлік бойынша жалпы сомасы 111 млрд. теңгеге 5225 арыз ұсынылды. Бұл, республикалық көлемнің 30 пайызын құрайды. Шет елдердегі мүліктерге келер болсақ, Қазақстан бойынша жалпы сомасы 4,9 млрд тенгеге 110 декларация ұсынылды. Солардың ішінде Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге 46 декларация ұсынылған. Ал бұл, республикалық көлемнің - 77 пайызын құрайды. Ал, ақшалай қаражат бойынша 2016 жылы Алматы қаласы бойынша 756,7 млрд. теңеге 1306 декларация ұсынылды. Бұл, қазіргі таңда республикалық көлемнің - 58 пайызын құрайды. Бұл сома 2015 жылға қарағанда он есе артық», - деді М. Сұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар