Алматыда биыл адам қағып қашып кетпек болған 6 жүргізуші ұсталған

Қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір жергілікті полицей қызметіне көлікке қатысты қылмыстарды ашуда белсенділік танытуға тапсырма берілді.
«Жыл басынан бері жол апаты болған жерден 90 жүргізуші қашып кеткен. 781 адам шағымданса, 25 іс жеке сот орындаушысына бағытталды. Күн сайын полицейлер жалған мелекеттік нөмірмен жүрген, заңсыз страбоскоп қосып алған, терезелерін қараңғылап алған жүргізушілерді анықтау үшін рейд жүргізіледі. Тексеру барысында 55 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деді жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.
Оның айтуынша, жүргізушілер осылайша жазадан құтылып кетемін деп ойлайды.
«Бұл жаңсақ ой. Өйткені, технологиялар дамыған заманда жүргізушілер қайда қашса да құтыла алмайды. Тіпті, адам қағып кетіп, оларға көмек көрсетпей қашып кететіндер туралы бөлек айту керек. Баланы қағып кетіп, үйіне барып ұйықтап қалған адамды да көрдік», - деді Е.Насырбеков.