Алматыда биыл қыркүйек айында Almaty bike жобасы аясында 50 велостанса іске қосылады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Дархан Кәлетаев Almaty bike жобасын іске қосу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Веложобаны таныстыру рәсіміне Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров, бизнесмен, меценат Райымбек Баталов және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Astana bike жобасы 2014 жылы Астанада іске қосылған болатын. Ауа райының ерекшелігіне байланысты бұл жоба Елордада сәуір мен қараша айлары аралығында жүзеге асырылады. Ал Almaty bike жобасы Алматыда жыл он екі ай бойы жүзеге асырылады. Яғни, ол 25 градус суықта да жұмыс істей береді.  

Бұл жобаның ыңғайлылы сол, велосипедті кез-келген уақытта жалға алуға болады. Прокат бағасы қол жетімді. Алғашқы 30 минут - тегін.  

Биыл 18 қыркүйекке дейін Алматы орталығында барлығы 50 велотұрақ іске қосылады. Қазір оларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір айдан кейін дайын болған стансаларға велосипедтер қойыла бастайды. 2020 жылға қарай қалада тағы 100 велотұрақ онатылады.

«Бұл жоба ойдағыдай жүзеге асады деген үміттемін. Өйткені ол өте ыңғайлы, экологиялық жағынан таза және денсаулыққа пайдалы жоба. Алматыда жылына кем дегенде 10 ай велосипед тебуге болады», - деді А. Винокуров.

«Біз сізді қашанда үлгі тұтамыз. Енді қалада велоқозғалысқа адамдар көптеп қосылатын болады. Қазір, Алматыда велошерулер ойдағыдай өтіп жатыр. Оған бүкіл отбасымен қатысатындар бар. Балаларын арнайы арбаға салып жүреді. Осылайша, балаларын кішкентай кезінен спортқа баулиды», - деді Б. Байбек. 

Өз кезегінде Д. Қалетаев қала әкімдігіне Almaty bike жобасын «Оңай» электронды жүйесіне байланыстыруды, сондай-ақ, велотұрақтарды негізінен қала жатақханаларының маңына орнатуды ұсынды.

Айта кетелік, осындай жоба алдағы уақытта Шымкент қаласында да қолға алынады. 

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар