14:08, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Алматыда биыл нашақорлықтан емделіп шыққан 15 адам жұмысқа орналастырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығынан емделіп шыққан 15 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік бағдарлама наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы қол қойған өзара келісімнің аясында жүзеге асты.
«Ішімдікке салынған, нашақорлық жолына түскен жандардың қайтадан қалыпты өмірге оралуы үшін тек қана дәрігерлердің көмегі ғана емес, сонымен қатар отбасының қолдауы, өзінің өміріне деген жауапкершілігінің артуы маңызды рөл атқарады. Жұмыспен қамту орталығы біздің пациенттеріміздің әлеуметтік өмірге бейімдеулін жеңілдету бағытында оларды жұмыспен қамтуға, қажет болған жағдайда кәсібін өзгертуге, оқытуға ниет білдіріп отыр. Жыл сайын олар 40 адамды жұмысқа кіргізуге уағдаластық. Биылдың өзінде 15 адам жұмыспен қамтылды», - деді наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова.