Алматыда бизнес орталықтағы бірнеше офис тоналды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би - Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Берекет» бизнес орталығындағы бірнеше офиске ұры түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда бизнес орталықтағы бірнеше офис тоналды

Қазіргі уақытта полицияға 5-9 қабаттарда орналасқан 4 офис иесінен арыз түскен. Осыған байланысты арнайы топ құрылған. Әзірге, жалпы шығын сомасы анықталған жоқ.

«Бұл оқиға Сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу жүйесіне ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы белгісіз. Зардап шеккендер жоғалған заттарының тізімін әзірлеп жатыр. Тергеу барысында қылмысты жасағандар мен жалпы ұрланған заттар сомасы анықталады»,  - деді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.