Алматыда БМВ қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда БМВ көлігінің жүргізушісі 1983 жылы туған қызды қағып, мерт қылды, сондай-ақ, ол оқиға орнына ізін суытпақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Болжам бойынша, жүргізуші қызды Шаляпин көшесінің бойында Момышұлы мен Саин көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргінші жолағына 2 метр жетпейтін жерден қаққан. Жүргізуші қашып кетпек болғанымен, бір квартал өте салысымен тағы екінші жол-көлік апатына себепші болып, сол жерден ұсталған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 1983 жылғы бойжеткен есін жимастан, жедел жәрден көлігі келгенге дейін көз жұмған. Қазіргі уақытта жол апатының өзге де себептері анықталу үстінде.

nullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар