Алматыда бокстан 14-ші халықаралық дәстүрлі турнир өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Ертең Алматыдаға «Достық» спорт сарайында бокстан 14-ші рет С.Нұрмағамбетов жүлдесі үшін дәстүрлі халықаралық турнир басталады.
None
None
Бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында шараның ұйымдастырушылары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Сирия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түрікменстаннан келген 150 боксшы қатысады. «Бұл халықаралық турнирдің аясы жыл сайын кеңейіп келеді», дейді бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов. 14-мамырға дейін жалғасатын турнирде жеңіске жеткендер, маусым айының соңында Қытайда өтетін чемпионатқа, сондай-ақ Италияның Милан қаласында тамыз айында болатын чемпионатқа жолдама алады.
Соңғы жаңалықтар