15:45, 22 Мамыр 2015 | GMT +5
Алматыда бокстан Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24-28 мамыры аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық орталық спорт клубы залында бокстан Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған XIX халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 126 былғары қолғап шебері қатысады.

«Жекпе-жектер барлық 10 салмақ категориясы бойынша өтеді. Турнирге қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы қазір нақтылану үстінде. Дегенмен, олардың арасында өткен жылы Алматыда бокстан әскери қызметшілер арасында өткен 55-ші Әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болған боксшылардың болатыны сөзсіз. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады» - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігі ЦСКА спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаров.