Алматыда Болат Аюхановтың балет кеші болады

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29-қараша күні Қазақтың Атай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында ҚР Халық артисі Болат Аюхановтың «Үлкен балет кеші» өтеді. 1938 жылы 13 қыркүйекте Семейде өмірге келген Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, өнертану профессоры 26 қыркүйекте Алматыда, 1-қазанда Семейде, ал 2-3 қазанда Өскеменде балет кешін өткізген еді.
None
None

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан меценаттар клубының тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және әлемдік мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығының иегері атанған Болат Ғазизұлы 1967 жылы 1 тамызда құрылған ҚазКСР мемлекеттік классикалық би ансамбілінің негізін қалаушы. 1998 жылы академиялық мәртебе алған өнер ұжымының атауы 2003 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры деп өзгертілді.

1955 жылы Алматы хореграфия училищесін тамамдап, білімін Ленинград хореография училищесінде жетілдірді. 1957-59 жылдары Алматыдағы академиялық опера және балет театрында жұмыс жасап, 1959-64 жылдары А. Луначерский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының балетмейстер бөлімінде оқыды. Одан кейін Алматы хореография училищесін басқарып, болашақ «Алматының жас балеті» ансамбілі үшін солистер класын әзірледі. 1988 жылы «Менің балетім», 2001 жылы «Ес биографиясы», 2005 жылы «Балет витраждары» деген кітаптары жарық көрді. Өнер шебері Қазақстан ғана емес көршілес шет елдерде Бішкекте («Петрушка»), Ұлан-Удэде («Қыз Жібек», «Аққу»), Ленинградта («Караван»), Красноярскіде («Саломея», «Болеро», «Любительница абсента», «Дама с камелиями»), Мәскеуде («Бірінші фортепианалық концерт»), Тәшкентте («Проделки Насретдина», «Рапсодия»), Измирде («Болеро», «Фархад және Шырын», «Кармен-сюита») қойылымдарын қойды. Б.Аюханов кино өнерінде де өз қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда «Біздің таулармыздың байлығы», «Репетиция», «Шабыт», «Тоғызыншы ұлдан сақтан», «Айдай сұлу Айсұлу туралы аңыз», «Қараңғылық әміршісі», «Катарсис», «Мадам Вонгтың құпиясы», «Несібелі», «Менің сүйікті троллейбусым», «Алматыдағы серуен» фильмдерінде түрлі рөлдерді сомдады.

Соңғы жаңалықтар