Алматыда бүгін жылыту маусымы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бүгін 2022-2023 жылдардағы жаңа жылыту маусымы басталды. Жаңа жылыту маусымының ашылған күні метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда бүгін жылыту маусымы басталды

Бұл ретте тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

- балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

- басқа ғимараттар.

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілді. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыға жылу беруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталды. Жылу желілері жылу энергиясын баланстық шектеу шекарасына дейін (үйге кірер алдында) жеткізуді қамтамасыз етеді. Басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін барлық қажетті шаралармен қосуды жүзеге асыруы керек.


4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар

4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды