Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2,6 мың адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2 601 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2,6 мың адам ұсталды

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.