Алматыда бұрынғы кеңестік елдер аумағындағы ықпалдасу үдерісіндегі саяси партиялардың рөлі мен белсенділігін арттыру мәселесіне арналған онлайн-конференция өтеді

Бұл туралы қазақстандық партияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Ресей мен Қазақстан арасындағы ықпалдастық үдерістер жаңаша қарқын алды. 2010 жылдың басынан бастап Ресей, Қазақстан, Белорус бір Кедендік одаққа біріккелі отыр. Бұл кедендік одақ аталған елдер арасындағы ортақ экономикалық кеңістіктің пайда болуының бастамасы болуы мүмкін. Осынау ықпалдастық үдерісі болашақта біздің мемлекеттеріміздің жеке және бірлесіп дамуына қандай ықпал ете алады? Конференция барысында осы сияқты өзекті мәселелер талқыланады.
Конференцияға Ресей тарапынан - Мемлекеттік Дума Төрағасының орынбасары, Думаның Энергетика жөніндегі комитетінің мүшесі А.Бабаков, «Справедливая Россия» партиясының Мемлекеттік Думадағы фракциясының жетекшісі - Н.Левичев және т.б. басқалар қатысады.
Ал Қазақстан тарапынан - «Әділет» партиясының төрағасы М.Нәрікбаев, партия төрағасының бірінші орынбасары, партияның орталық аппаратының жетекшісі Т.Сыдық, партия төрағасының орынбасары С. Әбдірахманов, т.б. қатысады.