12:39, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің халықаралық конференциясы өтуде
АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» мәселесі бойынша резолюциясының орындалуы бойынша халықаралық конференция өтуде.

«Мұнда 12 елдің мемлекеттік құрылымдарының, салалық министрліктерінің және халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері жиналып отыр. Бүгін біз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 1998 жылы Бакуде өткен алғашқы халықаралық конференцияда талқыланған мәселелер бойынша нәтижелерді қарастырып, алдағы атқарылатын шараларды анықтаймыз», - дейді БҰҰ-ның әйелдер жөніндегі уәкілі, БҰҰ-ның гендер теңдігі мен әйелдердің мүмкіншіліктері мен құқықтарын кеңейтуге арналған Орталық Азия елдеріндегі бөлімшесінің директоры Дамира Сартбаева. Оның айтуынша, бұл шара БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» мәселесі бойынша резолюциясын орындауға ұлттық жоспар қабылдаудың бір кезеңі болып болып табылады. Шараны БҰҰ-ның гендер теңдігі мен әйелдердің мүмкіншіліктері мен құқықтарын кеңейтуге арналған Орталық Азия елдеріндегі бөлімшесі, ЕҚЫҰ-ның гендерлік бөлімінің хатшылығы, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Екі күндік конференция жұмысы кезінде 5 тақырыптық сессия бойынша өтеді.