Алматыда БҰҰ-ның аймақтық хабы құрылады - БҰҰ

Мұндай пікірді бүгін VІ Астана экономикалық форумында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы 67-сессиясының Президенті Вук Еремич айтты.
«Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызының артып келе жатқандығы ондағы ең ірі қалалардың бірі Алматыны БҰҰ-ның Орталық Азиядағы іс-шараларын өткізудегі орталығына айналдыруға алғышарттар жасайды. Біздің ойымызша, Алматының БҰҰ іс-шараларын өткізетін орынға айналуы заңды талпыныс болып табылады. Сондықтан біз қазір Қазақстанның Үкіметімен бірігіп, Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы аймақтық хабын құру мәселелерін талқылап жатырмыз», - деп атап өтті Вук Еремич.
Оның айтуынша, қазір Венада, Бангкокта БҰҰ-ның орталықтары бар, алайда ол екеуінің арасындағы кеңістік тым үлкен. Сондықтан Қазақстанның әлем дамуындағы қосып отырған үлесін ескере келе, осы өңірдегі орталықты Алматыда ашу қай жағынан да тиімді болады.