Алматыда «Coca Cola Былғары доп» турнирінің жеребесі тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАақпарат- Бүгін Алматыда, Қазақстан футбол федерациясында «Coca Cola Былғары доп» турнирінің жеребесі тартылды.
None
None

Бұл жолы жеребе 10-11 жас аралығындағы балалардың тобына қатысты жүргізілді. Дәстүр бойынша жеребе тартуға журналистердің бірі шақырылды. Үш адам, себеттен облыстардың аттары жазылған қағаздарды кезекпен алып шықты.

Жеребе қорытындысы былай болды:

А тобы: Алматы облысы, Павлодар облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы.

Б тобы Астана қаласы Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы.

С тобы Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы.

Д тобы Ақмола облысы, Батыс Қаазқастан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сонымен, «Coca Cola Былғары доп» турнирінің 10-11 жас аралығында балалар тобына арналған жеребесі анықталды. Ойындар Семей қаласында үстіміздегі жылдың 10-18 маусымы аралығында өтеді.

Бұған дейін үстіміздегі жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Тараз қаласында 14-15 жас аралығындағы топтық ойындар өткен болатын. Онда бірінші орынды Тараз қаласының мектеп оқушылары жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, «Coca Cola Былғары доп» турнирі елімізде 2006 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұнда балалар үш топқа бөлінген: 10-11 жас, 12-13 жас және 14-15 жас аралығындағы балалар тобы. Турнирдің жеңімпаз командасы «Copa Copa-Cola» халықаралық турниріне қатысады.

Мысалы, 2011-2012 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткен халықаралық турнирде Алматы облысы, Іле ауданының №13 орта мектебінің оқушылары қола жүлдеге ие болған болатын.

Соңғы жаңалықтар