Алматыда «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында екінші дәрежелі банктермен келісім-шарт жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен оның еншілес құрылымы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету мақсатында отандық екінші дәрежелі банктермен келісім-шарт жасады.
None
None

Бұл келісім бойынша 50 млрд. теңге несие ретінде екінші дәрежелі 13 банкке, әлеуеттеріне қарай, 2 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылдық мерзімге беріледі. Ал олар, өздеріне бөлінген қаржыны алты ай мерзім ішінде бүкіл еліміз бойынша өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын, маңызды жобаларды жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъекттілеріне 6 пайыздық мөлшерлемемен 10 жылдық мерзімге несие ретінде беретін болады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«ҚР Президентінің биылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында көрсетілгеніндей, қоғамдық жоспарды жүзеге асыру мақсатында 50 млрд. теңге ҚР Ұлттық қорынан «Байтерек» Ұлттық басқару холдингіне аударылды. ҚР экономикасын жаңарту мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның шешімімен, екінші дәрежелі банктерге аударылатын қаржының көлемі мен лимиті белгіленген. Сондай-ақ, қаржыландыру шартына сәйкес, бөлінген қаржыны әріптес-банктер ағымдағы несиелерді қайта қаржыландыруға немесе шет елдік валюталарды сатып алуға жұмсай алмайды. Бұған тыйым салынады. Одан басқа, акцизделетін тауарлар өндірісіне, акциясының 50 және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі немесе құрылтайшысы ұлттық компаниялар немесе холдингтер болып табылатын кәсіпорындарға бұл қаржыдан несие берілмейді», - деді Ләззат Ибрагимова.

Соңғы жаңалықтар