10:39, 21 Маусым 2010 | GMT +5
Алматыда дәрігерлер арасында АҚТҚ дерті мен туберкулезге шалдыққан топтың мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған семинар басталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен «Аутриж денсаулық қорғаны» бағдарламасы бойынша медицина қызметкерлері арасында АҚТҚ мен туберкулезге шалдыққан топтың мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған семинар өтіп жатыр.

«Бүгінгі шара аталмыш індеттердің алдын алуға және медициналық тұрғыда тиімді емдеп, оның халық арасына кеңінен таралып кетпеуіне бағытталған. Маусымның 24-не дейін жалғасатын семинарда дәрігерлер АҚТҚ, туберкулез және тағы басқа жұқпалы аурулар бойынша соңғы ақпараттармен танысып, осы дертке шалдыққан адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін және олардың мұқтаждықтарын түсінуді үйренетін болады», дейді бағдарламаның менеджері Ирина Юзкаева.
Семинарға Өскемен, Павлодар, Шымкент, Қарағанды және Алматы қаласының эпидемиолог, гинеколог, нарколог дәрігерлері қатысуда.