Алматыда дәстүрлі «Баспалдақ-2010» бәсекесі ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Алматыда «Медеу» шатқалында 7-ші қысқы Азия ойындарын өткiзу құрметiне орай Райымбек батырды еске алуға арналған дәстүрлi XXII «Баспалдақ-2010» баспалдаққа өрлеп жүгiру жарысы өттi.
None
None

Биылғы бәсекені Алматы қаласы әкiмдiгi, Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, Халықтық-ұлттық спорт түрлерi және бұқаралық сауықтыру денешынықтыру клубы, Медеу ауданы әкiмiнiң аппараты мен «Вечерний Алматы» газетiнiң редакциясы бірлесе ұйымдастырды.

«Баспалдақ-2010» жарысында спорттың 20 түрiнен сайыс өткiзiлдi. Жарысқа қатысушылар «Арқан тарту», «Қол күресi», «Кiр тасы спорты», «Сағат», «Ауырлық көтеру», «Шеңбердi айналдыру», «Секiргiш», «Екi тентек», «Батыр», «Робин Гуд», «Асық мерген», «Саусақ күрес», «Белбеу күресi», «Күлкi боксы», «Кеуденi жерден көтеру» және тағы басқа да ойын түрлері бойынша сынға түсті.

Бәсекеге қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Турнирдiң ең жас қатысушылары 5 жасар Анжела Гарифова мен 6 жастағы Расул Iлияс болды. Ал ең үлкен қатысушылары ретінде 82-ге келген Федор Шульков пен одан бiр жас кiшi Саят Жансүiровтер танылды. Әйелдер арасында 82 жасқа келген Нина Вдовина жарыс жолына шығып, көпшiлiктің ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, жарысқа бiршама баспасөз өкiлдерi де қатысты. Ал шетелдік қонақтар Тәжiкстаннан келген Бехруз Насрединова, Екатерина Ким, Қырғызстандық Марат Мырзабеков, Айжамал Қубанычбекова, Элиза Кененбаева, немiс азаматтары Андрес Ланге, Себастьян Фройденберг, Бэттина Руйнстер турнирді тартысты өткізді.

841 баспалдаққа жүгiруде ерлер арасында ең үздiк жылдамдық көрсеткен елiмiзге танымал биатлоншы Диас Кенешов болды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Полина Репина 6.17 секунд көрсеткiшiмен оза шықты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, сайыстың өзге де түрлерiнен жеңiске жеткендерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

Соңғы жаңалықтар
Референдум