Алматыда денесі бөлшектеліп өлтірілген адамның тұрған пәтері анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денесі бөлшектеліп қоқыс жәшігінен табылған адамның тұрған пәтері анықталды.
Қазір қылмыс жасалған пәтер анықталды. Онда криминалистер жұмыс істеуде, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Жергілікті тұрғындардың бірі, марқұмның пәтеріне қарсы тұратын көрші әйелдің айтуынша, бұл пәтер соңғы сегіз жылдан бері жалға беріліп келген. «Онда ылғи айғай-шу болып тұрады, түнде көп шулайды. Тәулік бойы жалға беріледі. Мен бірнеше мәрте полицияға осыны шешу үшін шағым жазғанмын, алайда нәтиже болмады», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін хабарланғандай үй-күйсіз адам Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылыстарындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен адамның басы және аяқ-қолдарын тауып алған болатын.