Алматыда денсаулық сақтау саласы бойынша Корея-Қазақстан инвестициялық форумы өтеді

Бұл шара елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, шетелдік компаниялар арасында оң имиджді қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестициялау үшін ең перспективалы сатыны анықтауға бағытталған. Оған Қазақстаннан Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, Қазақстанның жетекші құрылыс компанияларының өкілдері қатысады. Ал Корея тарапынан СинХан Корей банкі, Самсунг медицина, Самсунг өнімдері, POSCO, Ёнсе университеті жанындағы Каннам Северанс ауруханасы, Корея университеті жанындағы Анам госпиталі, Сэчонг ауруханасы және т.б. қатысқалы отыр. Форум барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК және Кореяның Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюжоспарлануда.