13:47, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда дөңгелегі жарылған көліктің артынан 11 көлік соқтығысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дөңгелегі жарылған көліктің артынан 11 көлік соқтығысты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Саин мен Шаляпин көшелерінің қиысылында болған.
Микроавтобус жүргізушісі жарылған дөңгелекті ауыстыруға тоқтаған кезде шиқылдаған дыбыс естиді.
Оның артынан жақта «Дэу Матиз» көлігі микроавтобусты соғып тоқтайды. Салдарынан өзбек көлігінің жолаушысы жараланды.
Одан сәл солға қарай келе жатқан «Митсубици Галант» шағын автобусты айналып өтемін деп тағы да солға қарай ауыспақшы болады. Сол кезде сол жақтағы Хюндай көлігін қағып кеткен.
Соғылған көліктер жолдың екі жолағын жауып қалып, үлкен кептеліс пайда болды.
1 жолаққа таласқан жүргізушілердің арасында тағы да 7 көлік бір-біріне соқтығысты.
Апат орнындағы кептеліс одан ары ұлғая түсті.
Қазір жол полициясы болған оқиғаның мән- жайын анықтауда.