Алматыда дүкенге соғылған көлік жүргізушісі зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кешке жол апаты салдарынан жеңіл көлік дүкенге соғылды, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда дүкенге соғылған көлік жүргізушісі зардап шекті

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешке Ы.Алтынсарин және А.Жұбанов көшелерінің қиылысында болған.

«Volkswagen Golf» маркалы автокөлігі Ы.Алтынсарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне соғылған. Одан кейін көлік тоқтай алмай сол қарқынымен барып дүкеннің іргетасына соғылып, қайтадан жолға шығып қалған. Жол апаты кезінде жүргізушіден басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Келген дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізуші түрлі дәрежедегі дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды», - деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінде.