Алматыда дүңгіршектері бар жазғы дәмхана бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сот шешімі бойынша дүңгіршектері бар жазғы кафені бұзу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше,Төле Би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында сауда павильондары бар кафе сот шешімімен бұзылады.

Меншік иесі жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың үстіне яғни, мемлекеттік қордың жерінде жазғы дәмхана мен дүңгіршектерді заңсыз салған.

Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған.

«Ұзаққа созылған сот тексерулерінен соң мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған құрылыстарды сүру және учаскені ортақ пайдалануға қайтару туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Бүгін нысандарды бұзу және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын заңсыз нысандардан босату басталды.


Соңғы жаңалықтар