Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: sports.kz

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, IJF ережесіне сәйкес Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингілік ұпай қосылады.

Жарыс жеңімпаздарына 100, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге 40 ұпайдан беріледі.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Бекет Сапабекұлы Махмұтов 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.

Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі мынадай:

7 сәуір

Жасөспірімдер

Жарыс сағат 10.00-де басталады.

Финалдық белдесулер – 17.00.

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг

Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг

8 сәуір

Жарыстың басталуы – 10.00.

Финалдық белдесулер – 17.00.

Жасөспірімдер

Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

Жастар

Ұлдар: -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -48 кг, -52 кг;

9 сәуір

Жастар

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтың дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар