Алматыда ЕАДБ Кеңесінің отырысы өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Алматыда Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті. Оған мыналар: Ресей Федерациясынан - өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко, Қазақстан Республикасынан - қаржы министрі Болат Жәмішев, индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев, Армения Республикасынан - энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Иосиф Исаян қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ЕАДБ қызметін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар бағдарламасының бекітілуіне байланысты 2008-2010 жылдарға арналған банктің даму жоспарына түзетулер енгізу жұмыстарының барысы туралы ақпаратты қарады, 2009 жылғы қаңтардан мамырға дейінгі аралықтағы қызметі туралы банк басқармасының есебі тыңдалды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының қаражаттарын басқарушы функциясын банктің тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті шешім қабылдады. Кеңес «Делойт» ЖШС-ні 2009 жыл үшін оның қызметінің қорытындылары бойынша банктің сыртқы аудиторы ретінде бекітті.

Кеңестің келесі отырысын 2009 жылғы қарашада Санкт-Петерборда өткізу жоспарланған  

Соңғы жаңалықтар