Алматыда екі ер адам отырған көліктен тапанша мен есірткі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ер адамдардың көлігінен тапанша мен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Буран-219» патрульдік экипажының қызметкерлері Құрманғазы мен Зенков көшелерінің қиылысында күдік тудыратын көлікті байқап қалған. Оның ішінде екі ер адам болды. Олар тәртіп сақшыларын көріп қатты қобалжи бастаған.

«Азаматтардың бірі полиэтиленді қалташаға салынған есірткіні сыртқа лақтырып жібермек болды. Алайда үлгермеді. Сонымен қатар, көлікті тінту кезінде тапанша табылды, оны күдіктілердің бірі аң аулау үшін досынан сұрап алғандығын айтып ақталды. Оқиға орнына Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы шақырылды. Күдіктілер Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Заттай алынған дәлелдер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар