Алматыда екі қабатты ғимарат толығымен жанып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнгі уақытта қараусыз қалған екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Радостовец көшесі,167 мекенжайында болды.
Жалын иен калған екі қабатты ғимараттың 180 шаршы метр аумағын шарпыды.
Өрт түнгі сағат 00:04-те оқшауландырылып, 00:31-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, жақында Алматыда осыған ұқсас ірі өрт болған еді. Ол кезде Сухамбаев көшесі, 21 мекенжайындағы саунаның шатыры жалынға оранды. Қабылданған шаралардың арқасында кешеннің бірінші және екінші қабаты (сауда орындары, дене шынықтыру залы) өрттен аман қалды.