Алматыда екі көшеде бір бағыттық қозғалыс енгізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көшеде бір бағыттық қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі көшеде бір бағыттық қозғалыс енгізіледі

Қалалық Полиция Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының жүргізген талдауларына сәйкес Бостандық ауданындағы Политехническая және Никитин көшелерінде қос бағыттағы қозғалыстан кептеліс жиі болатындығы анықталды.

Полиция Политехническая көшесінде шығысқа қарай Байтұрсынұлы көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін, Никитин көшесінде батыс бағытта бір бағыттық қозғалыс енгізу туралы шешім қабылдады.

Жаңа жол жүру кестесі биыл 23 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.