Алматыда екі күн ішінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген 230 көлік ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Нөмірлі белгі» шарасы аясында қала полициясы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 230 көлікті ұстады, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

Алматыда екі күн ішінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген 230 көлік ұсталды

ІІД хабарлауынша, аталған шара көлікті тіркеуге қою куәлігімен сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмірлерді және ұрланған нөмірлерді пайдаланып жүргендерді анықтауға бағытталған.

«Жол-патруль полициясы экипажы екі күн ішінде қала көшелерінде 2 457 жол ережесін бұзушыны ұстады. Оның ішінде 230 мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендерді ұстады. Олардың арасында 4 жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік иесі, 133 көрінбейтін нөмір таққандарды анықталды. 10 адам ішімдікке мас күйінде ұсталды», - деді ІІД Жергілікті полиция басшысы Жасұлан Байкенов.

Сонымен қатар, шара аясында 97 көліктің терезесі қарамен тұмшаланғаны анықталып, қаупсіздік белбеуін тақпаған 185 жүргізуші ұсталды.

204 жүргізуші жол үстінде телефонмен сөйлесіп ұсталса, 44 жүргізуші апатты жағдай туғызғаны үшін, 37 көлік иесі жаяу жүргіншіні жібермегені үшін әкімшілік жазаға тартылды.