Алматыда экстремистік ұйымға қатысы бар үш күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін күдікті үш адам үй қамауында алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда экстремистік ұйымға қатысы бар үш күдікті ұсталды

«Алматы полиция департаменті ҚР ҚК 405-бабының негізінде «экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті О.Шевчук, Ж. Демеуова және азаматша Г.Жаукероваға бұған дейін бірнеше рет заң бұзушылықтың салдары түсіндіріліп, әкімшілік шаралар қолданылған болатын», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда, аталған тұлғалар заң талаптарын біле тұра, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың қоғамға жат арандатушылық әрекеттеріне араласуды ұдайы жалғастырып келген. Жиналған тікелей дәлелдемелер негізінде, 31 мамырда, Алматы тергеу соты қаулысымен күдіктілерге үй қамағы түрінде алдын алу шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.