Алматыда ЕҚЫҰ-ның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аймақтық семинары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда екі күндік «Қылмыстық істерден түскен заңсыз кірістерді тәркілеу және қайтару» атты аймақтық семинар басталды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Шараны  Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полициялық қызмет мәселелері жөніндегі бөлімі мен Экономикалық және экологиялық мәселелер жөніндегі басқармасы, Бүкіләлемдік банк, БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен қарсы күрес басқармасымен бірігіп  ұйымдастырған.

 Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Өзбекстанның құқық қорғау органдарының 30-ға жуық сарапшысы қатысуда.Отырыста қылмыстық істерден түскен заңсыз пайданы тәркілеу және қайтарудағы қылмыстық іс өндірісі мен осы мәселе бойынша трансшекаралық әріптестікті дамыту жайы сөз болуда.

Кеңеске ҚР Жоғары сотының судьясы Рақымбек Мамырбеков, Астанадағы ЕҚЫҰ әскери-саяси бөлімінің меңгерушісі, экономика- экология бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Эндрю Оффенбахер қатысты. Эндрю Оффенбахердің айтуынша, бұл семинар бірнеше жыл бойы Қазақстанға бопсалау және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте көмек көрсету бағытында жүзеге асырылып келген шаралардың жалғасы болып табылады.

«Мемлекетте қылмыстық топтардың болуы мемлекет беделіне әсер етеді және халықтың құқық қорғау органдарына сенімін азайтады әрі шет елдермен сенімді байланысқа селкеу түсіреді. ЕҚЫҰ-ның негізгі мақсатының өзі -  қатысушы мемлекеттер арасында қауіпсіздікті, тұрақтылық пен әріптестікті нығайту. Бүгінгі отырыс осы мақсатты жүзеге асыру бағытында өткізіліп отыр», деді ЕҚЫҰ өкілі.

Соңғы жаңалықтар