Алматыда Елбасы ғалымдарға Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мемлекеттік марапаттар тапсырады

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Елбасы Алматыда ғалымдарға Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімін жасайды.
None
None

Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрыновтың айтуынша, бұл шара Алматыда өтетін Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдары форумы кезінде жүзеге аспақ.

Жалпы бұған дейін ғылым мен техника саласында Қазақстанның 145 ғалымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Сондай-ақ үздік ғылыми еңбектері үшін Қаныш Сәтбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхамед Қонаев, Күлтегін атындағы атаулы сыйлықтар да берілуде.

Мұрат Жұрыновтың айтуынша, бұл форум кезінде Елбасы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы: ғылымның жаңа стратегиясы» кітаптар көрмесін және Қазақстан Республикасының ғылыми жетістіктері көрмесін тамашалайды. Сондай-ақ ғылым ордасының үлкен залында Қазақстан ғылымын дамытудың жаңа бағыттары туралы баяндама жасалады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар