15:57, 08 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматыда «Елбасының ерен еңбегімен Арқада бой көтерген әсем қала» атты кітап көрмесі ашылды
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы ең үздік деп танылған №4 кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жұлдызды жиырма күн» айдарымен «Елбасының ерен еңбегімен Арқада бой көтерген әсем қала» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге кітапхана қорындағы еліміздің бас қаласы -Астана жайында сыр шертетін кітаптар қойылған.
Сонымен қатар, аталмыш шара аясында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Салтанатты кешке елімізге танымал ақын-жазушылар, белгілі тарихшылар, саясаткерлер, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
Конференцияда «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы», «Астана - тәуелсіздіктің тұғырлы белесі», «Астана - Елбасының ерен ерлігі» деген тақырыпта баяндамалар жасалып, «Астана - ел тәуелсіздігінің салтанаты» деп аталатын бейне фильм көрсетілді. Сонымен қатар, «Астана десе жүректер жыр төгеді» деген тақырыпта концерттік бағдарлама ұсынылып, жас ақындар Астанаға арнаған өз өлеңдерін оқыды.